Кәсіби бағдарлау аясында қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының оқытушылары Л. Демченко, С. Чирцова Өскемендегі №37 орта мектептің жоғары сынып оқушыларымен кездесті.
Оқушыларға ШҚМУ-да оқудың мүмкіндіктері мен артықшылықтары, ЖОО құрылымы, жаңа мамандықтары, бағдарламалары, әскери кафедрасы, ҰБТ өткізу ерекшеліктері туралы айтылды.
Оқытушылар сұрақтарға жауап беріп, факультеттер туралы материалдар таратты, ШҚМУ-ға түсуге ниеттілер тізімі жасалды.
Баспасөз қызметі