С. Аманжолов атындағы ШҚМУ психология және коррекциялық педагогика кафедрасының оқытушылары барлық факультеттердің және колледждің студенттерімен «Деструктивті ақпараттық-психологиялық әсерге психологиялық төзімділік» семинарын өткізді.
Семинарға кафедраның мына оқытушылары қатысты – М.Д. Әуренова, Ж.М. Ақанова, Ю.И. Данилевич, Е.В. Дергачева, Г.К. Қасымбекова, Ж.У. Смаилова, Г.Т. Сыздықова, Р.Ж. Тюлюпергенева, И.Б. Шайхымұратова.
Оқытушылар деструктивті әсерлер ықпалында қалмау үшін білім алудың, заңды сақтаудың, сындарлы ойлаудың маңызын түсіндірді.
Семинар соңында студенттер өздеріне пайдалы мол мағлұмат алғандарын айтып, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.
Баспасөз қызметі