С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Психология, педагогика және мәдениет факультетінің әдістемелік онкүндігі аясында АӘД кафедрасының оқытушысы Д. Байдрахманов Ұлан ауданы Таврия ауылындағы орта мектеп оқушыларымен шеберлік сыныбын өткізді.
Шеберлік сыныбы қол гранаталарын лақтыру, Калашникова автоматын шаып-жинау әдістері, жарақат, сынық, жүрек тоқтау кезінде алғашқы медициналық жәрдем көрсету ережелері бойынша өтті.
Оқушылар үлкен қызығушылық танытып, өз ойларын айтты, әсерлерімен бөлісті, мектептегі алғашқы әскери дайындық сабақтарында алған өз іскерліктері мен дағдыларын көрсетті.
Алғашқы әскери дайындық кафедрасы