С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының аға оқытушысы Галина Полторжицкая Ресей мәдениет министрлігінен алғыс хат алды.
Он жылдай Г. Полторжицкая орыс тілінен дәріс беретін қазақ топтарының студенттері «Өнер» тақырыбын дәрісханада емес, Петербордағы Орыс мұражайында оқып келеді. «Орыс мұражайы: виртуалды филиал» жобасы арқасында әр студент музей залдарын «аралай» алады.
Орыс мұражайының басшылығы ШҚМУ оқытушысының еңбегін бағалап, «Қолдауы мен ынтымақтастығы үшін» грамотасын жолдап отыр.
Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы