Еңбек ардагері, филолог-ғалым, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ профессоры, педагог-ағартушы, қоғам қайраткері, ҚР Білім беру ісінің Құрметті қызметкері Фарзана Рафикқызы Ахметжанова 70-ке толды. Мерейтой иесін университет ректоры М.Ә. Төлеген туған күнімен құттықтады.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Ф. Рафикқызын мерейтойымен құттықтап, мықты денсаулық, ұзақ әрі бақытты ғұмыр тіледі.
Өскемен педагогикалық институтының филология факультетін қазақ мектебіндегі орыс тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген (1973). 1973-1982 ж. осы институтта оқытушы. 1982-1986 ж. аға оқытушы. 1986—1987 ж. ҚР ҰҒА Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында тәлімгер-зерттеуші. 1987-1988 ж. аталған институттың аспиранты. 1989 жылдан Өскемен педагогикалық институтының филология факультеті қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі. Негізгі зертеп жүрген ғылым бағыты —лексикология, фразеология, салыстырмалы типология.
300-ден астам ғылыми еңбектің, соның ішінде қазақ тіл білімі және контрастивті лингвистикасаласындағы фундаменталды зерттеулердің авторы.
Баспасөз қызметі