С. Аманжолов атындағы ШҚМУ профессоры И.Ю. Ларионова қала мектептерінің мұғалімдеріне шет тілін оқыту әдістемесі бойынша шеберлік сыныбын өткізді.
Мұғалімдер CLIL бағдарламасымен, оның мақсаттарымен танысты.
Шеберлік сыныбының тақырыбы өзекті, өйткені қазіргі кезде химия, математика, география, биология, жаратылыстану, классикалық әдебиет, информатика, экономика, өнертану, философия сынды пәндер ағылшын тілінде оқытылады.
Іс-шара оқушыларға арналған ағылшын тілі бойынша олимпиаданың аясында өтті, оны шет тілдері және аударма ісі кафедрасының оқытушылары ұйымдастырды.
Баспасөз қызметі