Шығыс Қазақстанда облыстық әскери комиссариаттың 80 жылдық мерейтойы аталып өтті.
Салтанатты іс-шара «Ертіс концерт» ОМҮ-нің концерт залында өтті.
Мерекелік шараға облыстық мәсихат хатшысы В. Головатюк, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры М. Төлеген, әскери бөлімдердің, ШҚО Ардагерлер одағының, ШҚО интернационалист-жауынгерлер одағының өкілдері және басқалар қатысты.
ШҚМУ ректоры Мұхтар Әділбекұлы Төлеген мерейтой иелеріне игі тілек жазылған құттықтау хатты, сондай-ақ Алтай таулары бейнеленген картинаны табыс етті.
Естеріңізге салар болсақ, биыл ШҚМУ-да Қабанбай батыр атындағы әскери кафедра ашылған болатын. 2019-2020 оқу жылында кафедрада үш мамандық бойынша оқыту жүруде – «Аумақтық қорғанысты ұйымдастыру және жоспарлау», «Құрғақтағы әскерлерде тәрбиелік және идеологиялық жұмыстарды ұйымдастыру», «Психологиялық жұмыстарды ұйымдастыру».
Сондай-ақ, университетте АӘД мұғалімдерін әзірлейтін алғашқы әскери дайындық кафедрасы бар.
Салтанаттың ресми бөлімі мерекелік концертке ұласты.
Баспасөз қызметі