Жаңа оқу жылының қарсаңында, 1 қыркүйек күні, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Мұхтар Әділбекұлы Төлеген Студенттер үйлерінде болды.
Ректор Студенттер үйлерінің қоныстану барысын, жатақханалардағы жөндеу жұмыстарының орындалу сапасын, сонымен қатар студенттердің тұрмыстық жағдайларын тексерді.
Бүгінде ШҚМУ-дың өзге елдімекендерден және шет елдерден келген студенттері 4 жатақханамен қамтылған, олар – №1, 3, 4, 5 Студенттер үйлері.
№1 Студенттер үйі Образцовая, 7, №3 Студенттер үйі 30-шы Гвардиялық дивизия, 42, №4 Студенттер үйі 30-шы Гвардиялық дивизия, 40, №5 Студенттер үйі 30-шы Гвардиялық дивизия, 38 мекенжайлары бойынша орналасқан.
Қазіргі кезде жатақханаларда жөндеу жұмыстары аяқталып, барлық тұрмыстық жағдайлар жасалған. Студенттер үйлерінде оқу залдары, демалыс бөлмелері, жуыну, кір жуу орындары бар, электр плиталар орнатылған.
Өзін-өзі басқару үшін студенттік кеңес жұмыс істейді, оның құрамына тұрмыстық, санитарлық, мәдени-бұқаралық, спорттық секторлар және редакциялық алқа енген.
Естеріңізге салсақ, алғашқы кезекте жатақханаларға мемлекеттік грант бойынша, «Серпін» бағдарламасы бойынша оқитын студенттер, жетім студенттер, содан соң әлеуметтік жағдайына қарай ақылы негізде оқитын студенттер орналастырылады.
Баспасөз қызметі