ШҚМУ-да Риддер қаласының 11 сынып оқушыларына арналған «Университет күні» өтті.
Шараға 11 сынып оқушылары мен мұғалімдер қатысты. Тәрбие ісі жөніндегі проректор Ирина Ровнякова оқушыларға құттықтау сөз арнады.
Университет күні бағдарламасына сай балаларға «Мен шығармашылық мамандықты таңдаймын», «Мен отбасылық бюджетті қалай бөлемін?», «Қоғамдық сананы модельдеу», «Тәжірибеде инновациялық білім идеяларын қолдану», «Ағылшын тілі сабақтарында қызметтік сауаттылықты дамыту» шеберлік сыныптары өтті.
Оқушылар криминалистік орталыққа, «Шығыс Қазақстан маржаны» орталығына, Археология және этнография мұражайына, химия зертханаларына барды. Университет оқытушылары оқушыларға кәсіби бағдар берді.
Маркетинг және ЖОО дейінгі дайындық орталығы