- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың әскери кафедрасы Қабанбай батыр есімін иеленіп отыр.
Шығыс Қазақстандағы білім мен ғылымның қара шаңырағы – С. Аманжолов атындағы оқу орнымыз ел басына күн туғанда халқымыздың тұтастығын, жеріміздің бүтіндігін сақтап, ұрпағына аманат еткен тарихи тұлға, дарабоз батыр – Ер Қабанбай есімін иеленген әскери кафедрамен толықты.
Кафедраның Шығыстағы әскери-патриоттық бағытта қордаланып келген көптеген мәселелерді шешетін ел азаматтарын тәрбиелеп, Отанымыздың күш-қуатын арттыруға үлес қосарына сенеміз.
Сләмбек Оразалин,
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ профессоры