- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Таяуда Өскеменде «Абай оқулары» атты көркемсөз оқу шеберлерінің қалалық байқауы болып өтті. Байқауға С. Аманжолов атындағы ШҚМУ «Шабыт» студенттер театрының мүшелері қатысты.
Конкурс қорытындысы бойынша бас жүлдені аталмыш театрдың белді мүшесі Талап Бұлбұлхан еншілеп, облыстық кезеңге жолдама алды.
Сонымен қатар, тамаша өнер көрсеткен ШҚМУ студенттері Айсана Мырзақабылова мен Гүлиза Бидақын алғыс хаттармен марапатталды.
Жеңімпаз студентімізді құттықтап, алдағы сындардан сүрінбей өтуін тілейміз!
Жастар ісі жөніндегі комитет