Физика мамандығының 2 курс студенті Полина Галитовская қол күресінен жастар арасындағы облыстық чемпионатта 1 орын алды.
Чемпионат 20 сәуірде Курчатов қаласында өтті.
Бұл Полинаның бірінші жеңісі емес. Былтыр ол ел чемпионатында 3 орын, облыс сайыстарында 2 орын алған. Ал 2017 жылы Полина Галитовская ЖОО студенттері арасындағы ІХ республикалық Универсиадада 2 орын иеленген-ді. Құттықтаймыз!
Баспасөз қызметі