С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Тарих, филология және халықаралық қатынас факультетінің 1 курс студенті Алтынай Қасымова «Өскемен аруы-2019» сұлулық байқауының финалына өтті.
Байқауға «Қазақстан аруы» ұлттық сұлулық байқауы және облыстық мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасы қолдау көрсетуде.
Байқау дирекциясы Алтынай Қасымова өзін ілтипатты, ізетті, шығармашылық тұрғыда дамыған, сөйлеу мәнері айшықты, ұжымшыл ару ретінде танытқанын атап отыр.
Алтынай 8 наурызда ОМҮ-де өтетін мерекелік концертке «Ертіс Концерт» сән театры атынан қатысатын болады.
Баспасөз қызметі