Польшаның Люблин қаласындағы Иоанн Павел ІІ атындағы Католиктік университетте академиялық ұтқырлық аясында оқыған ШҚМУ студенті Ерасыл Мұхаметқалиев Польша тәуелсіздігінің 100 жылдығына орай ағылшын тіліндегі математикалық есептер жинағын шығарды.
Математика мамандығының 4 курс студенті Ерасыл былтырғы 1 қазаннан 14 ақпанға дейін Польшада білім алған. Польша тәуелсіздігінің 100 жылдығын өткен жылы қарашада атап өтті.
Ерасылмен бірге шет тілі мамандығының 2 курс студенті А. Әмірғазин және 3 курс студенті М. Рахымбекова да сол елде білім алып келді.
Баспасөз қызметі