9-13 ақпанда Үндістанда WAKO кикбоксингтен ашық халықаралық турнир өтті.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Психология, педагогика және мәдениет факультетінің дене шынықтыру және спорт мамандығының 2 курс студенті Серікбол Ермеков 1 орын алды.
Спортшымызды жаңа жеңісімен құттықтаймыз!
Былтыр Серікбол 25 елдің спортшылары жиналған Ирландиядағы әлем чемпионатына қатысып, әлем чемпионы атанған-ды.
Баспасөз қызметі