Шығыс Қазақстан облысында «Тамсандырған Шығыс Қазақстан, әсемдігімен баураған Қытай» атты алғашқы қытайлық мәдени-туристік көрменің ашылу салтанаты өтті.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ студенттері мен оқытушылары осы көрменің ашылуына қатысты.
Іс-шараны облыс әкімдігінің қолдауымен ҚХР-дың Алматыдағы бос консулдығы, ҚХР мәдениет және туризм министрлігінің Орталық Азиядағы өкілдігі ұйымдастырды.
Облыстық сәулет-этнографиялық мұражайдағы көрменің лентасын Қытайдың Алматыдағы бас консулы Чжан Вэй қиды.
– Жібек жолы Қазақстан мен Қытай достығының тарихи куәсі. Ек ел арасында экономикалық ынтымақтастық, ел басшылары арасында достық қарым-қатынас орнап отыр. Көрме – бірлескен жұмыстың тағы бір нәтижесі, – деді ол.
ШҚМУ студенті Юлия Юрочкина шығысқазақстандық әртістер қатарында өнер көрсетті.
Ашылу аясында «Қазақстан қытайлықтар көзімен, «Қытай қазақстандықтар көзімен» фотосуреттер көрмесі де өтті.
Көрме 26 ақпаннан 26 наурызға дейін облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражайда (Горький к., 59) өтетін болады.
Баспасөз қызметі