2 сәуір - Бүкіләлемдік аутизм мәселесі туралы ақпаратты жариялау күні. Осымен үшінші жыл ШҚМУ студенттері қаламыздың көшелеріне шығып, тұрғындарға аутизм мәселесі жөнінде айтуда.
Психология және түзету педагогикасы кафедрасының студенттері аутизм туралы ақпарат таратып, орталық алаңда 100 көк шарды аспанға ұшырды.
Іс-шараға кафедра студенттері және оқытушыларынан өзге, аутистикалық спектрде ауытқушылықтары бар балалардың ата-аналары да қатысты.