- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі мамандығының студенттері Өскемен қаласындағы «Ақниет» мүмкіндігі шектеулі балалар үйіне барып қайтты.
– Бейкүнә балалар бізді көріп қуанып қалды. «Қолда барда алтынның қадірі жоқ» дейді, сондықтан барымызды бағалайық, ата-ана қадірін түсінейік. Осындай ізгі іспен айналысып, бізге қолдау көрсетіп, жол сілтеген Гүлфат Жанболатқызына көп рақмет, – дейді студенттер.
Шараны ұйымдастырушы – Гүлфат Қалелова және қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі мамандығының студенттері.
Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті