- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
27 қыркүйек күні Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Батырбай Әбілхайырдың бастауымен «Мәңгілік ел жастары- индустрияға» «Серпін-2050» әлеуметтік бағдарламасы аясында оқитын 1 курс студенттері А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханасына саяхат жасады.
Студенттер саяхат барысында кітапхана тарихы, заманауи оқыту технологиялары, «ІТ-Отау» интеллектуалдық орталығымен, үйірмелермен, кітапхана сайтымен танысты.
Іс-шара соңында студентер кітапханаға оқырман ретінде тіркелді, Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Батырбай Ә. облыстық « Қазақстан –Өскемен» телеарнасына сұхбат берді.
Тәрбие жұмысы және әлеуметтік сұрақтар жөніндегі бөлімі