30 қараша Қазақстан тарихы кафедрасының студенттері мен оқытушылары «БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысы» жыл сайынғы іскерлік ойынын өткізді.
Ойын «Қауіпсіздік кеңесінің реформасы – БҰҰ реформасының басымдығы ретінде» тақырыбында болды.
Қатысушылар БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі қызметіндегі басты мәселелердің бірі – кеңес мүшелігі мен вето құқығын реформалау мәселелерін қарады.
Әлем көшбасшыларының – президенттер, премьер-министрлер, сыртқы істер министрлерінің рөлін халықаралық қатынастар мамандығының 1-4 курс студенттері сомдады. Кездесу соңында қарар қабылданып, мақұлданды.
Ойынға қонақ ретінде студенттер мен оқытушылар, Өскеменнің №20, 43 мектептерінің 10-11 сынып оқушылары қатысты.
Қазақстан тарихы кафедрасы