2 сәуірде С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде Өскемен қаласы жоғары оқу орындарында мемлекеттік білім гранты бойынша 3-ші және 4-ші курстарда оқып жатқан студенттер «Қаржы орталығы» акционерлік қоғамы өкілдерімен кездесті.
Кездесу барысында студенттер Үкіметтің 2012 жылғы 30 наурыздағы №390 қаулысымен танысты.
Сонымен қатар, студенттерге жұмысқа жіберу, өзін-өзі жұмысқа орналастыру құқығын ұсыну және жұмыс істеу міндеттемесінен босату туралы ережелер түсіндірілді.
Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы