С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің студенттері облыстық білім басқармасына қарасты Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына барып, тәрбиеленушілерге керемет көңіл күй сыйлады.
Шара барысында студенттер қызықты да көңілге жағымды ойын-сауық құрып, ән айтып, би биледі. Тәрбиеленушілерге сыйлықтар берілді.
Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті