С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Физика және технологиялар кафедрасының студенттері «Жақсылық жасауға асығайық» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
Физика және технологиялар кафедрасының аға оқытушысы М. Нұризинованың ұйымдастыруымен кәсіптік оқыту мамандығының 3 курс студенттері «Жақсылық жасауға асығайық» қайырымдылық акциясын ұйымдастырып, Ахметбековтер отбасына азық-түлік апарып, көмек көрсетті.
Бұл отбасында бес бала бар. «Не берсең де балаға бер, бала үшін жаса» деген халқымыздың игі дәстүрін студенттеріміз жалғастыруда. Көмекті қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды.
«Кәсіптік оқыту» мамандығының 3 курс студенттері