Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ студенттері Қостанай университетінің профессорымен кездесті

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры Алмасбек Абсадықпен кездесу өтті.

Профессор, ф.ғ.д. Алмасбек Ахметұлымен қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 1 және 4 курс студенттерімен, магистранттармен және оқытушылармен кездесіп, дәріс оқыды.

Лектор ұлттық ономастика жөнінде құнды мәліметтерімен бөлісіп, маңызды ақпараттармен хабардар етті. Сонымен қатар, ұлы даланың тарихи тұлғаларына қатысты тың деректер мен аңыздарды тілге тиек ете отырып, еліміздегі сол есімдермен аталатын елді-мекендердің шығу тарихымен таныстырды.

Кездесу барысында профессорға студентер тарапынан сұрақтар қойылып, жауап алынды. Аталмыш кездесу жастардың тарихи-әдеби қызығушылығын арттырып, рухани мол азық болды.

Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo