Наурыздың 2-сі мен 12-сі аралығында Ресейдің Красноярск қаласында қысқы Универсиада өтеді.
Мұның алдындағы 28-ші қысқы Универсиада 2017 жылы Алматыда өтіп, онда Қазақстан 36 медаль, ал Ресей 71 медаль иеленген-ді.
2019 жыл елімізде Жастар жылы болып жарияланды. Қазақстанда студенттердің спорттық қозғалысына жіті көңіл бөлінетіні қуантады.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ студенттері де ел құрамасына мүше болып отыр. Біз жастарымызға тек жеңіс тілейміз!
Баспасөз қызметі