С. Аманжолов атындағы ШҚМУ компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар кафедрасының студенттері кәсіпорындардан сайттар мен интернет-дүкендер жасауға тапсырыстар алып, орындады.
Тапсырыстарды ақпараттық жүйелер мамандығының студенттері «ROBOLAB» зертханасында орындады.
Жұмыста бағдарламашы-студенттер білімдерін тапсырыс берушілер талабына сай қолдана алатындарын, теория мен тәжірибені ұштастыра алатындарын көрсетті.
Студенттер университетте ашылған «ROBOLAB» зертханасы жақсы нәтиже көрсетуге үлкен септігін тигзігенін атап көрсетті.
Баспасөз қызметі