С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың «PARASAT» студентерге қызмет көрсету орталығында облыс бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшысының орынбасары Т. Мұқановтың жетекшілігімен кездесу өтті.
Іс-шара жастар жылы аясында университет пен департаменттің бірлескен жұмысының келешегін талқылауға арналды.
Кездесуде соңғы курс студенттерінің мемлекеттік органдарда іс-тәжірибесін ұйымдастыру, тренинг өткізу мақсатында Жас мемлекеттік қызметкерлер мектебін бірлесіп өткізу, электрондық сауаттылықты арттыру мәселелері талқыланды.
Қорытындысында талқыланған мәселелер бойынша келісім болды. 27 ақпанда жоспарланған іс-шаралардың алғашқысы – мемлекеттік қызметке бағдарланған студенттерге арналған ақпараттық кездесу ұйымдастырылады деп шешілді.
Кездесу сағат 15.00-де №1 оқу ғимаратының (30-шы Гвардия дивизия к., 34) №257 дәрісханасында өтеді. Кездесуге 3, 4 курс студенттері, барлық қызығушылық танытқан тараптар шақырылады.
Академиялық саясат және білім беру
бағдарламаларын басқару департаменті