- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 1-3 курс студенттері «Мен – тірілермен тірімін!» флешмобына қатысты.
Қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының 1-3 курс студенттері Өскемендегі Арбатта О. Бөкей атындағы орталық қалалық кітапхана өткізген «Мен – тірілермен тірімін!» флешмобына қатысты.
Шара қазақ прозасының кербұғысы Оралхан Бөкейдің туған күніне орайластырылды. Студенттер жазушы шығармаларынан үзінділер оқып, викториналық сұрақтарды шешті.
Флешмобтан соң студенттер кураторларымен бірге алған әсерлерімен бөлісті, Арбат алаңын тамашалап, суретке түсті.
Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы