Физиканың жалпы курсы бойынша жалпыфакультеттік олимпиада қорытындылары шығарылды.
Физика мамандықтарының 1-4 курс студенттері арасындағы физиканың жалпы курсы бойынша жалпыфакультеттік олимпиаданың жеңімпаз студенттері – Айым Аймұхамбетова («Ядролық физика»), Ерасыл Фарамураз («Физика»), Александра Мусинова («Физика»), Полина Галитовская («Физика») Білім және ғылым министрлігінің мембюджеттік жобаларын орындаушы ұжымға енгізілетін болады.
БҒМ жобалары шағын ГЭС-ті әзірлеуге (ғылыми жетекшісі – ф.-м.ғ.к. А.М. Жилкашинова), плазмалық технологияларды әзірлеуге (ғылыми жетекшісі – PhD Б.К. Рахәділов) қатысты.
Екінші орындарды мына студенттер иеленді – Айсұлу Құмарқанова («Ядролық физика»), Арман Табыс («Физика-Информатика»), Аймарал Тілеуқабыл («Ядролық физика»).
Үшінші орын студент Әліби Қадырға («Физика») бұйырды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер республикалық және халықаралық байқаулар мен олимпиадаларға қатысу үшін қосымша дайындықтан өтетін болады, сондай-ақ С. Аманжолов атындағы ШҚМУ мен шетелдік ЖОО-лар арасындағы ынтымақтастық туралы шарттарды іске асыру аясында тағлымдамадан өтуге ұсынылады.
Баспасөз қызметі