Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ студенттері өңір қорықтарында іс-тәжірибеден өтетін болады

ШҚМУ студенттері «Аңшылықтану және аң шаруашылығы» жаңа білім беру бағдарламасы бойынша өндірістік іс-тәжірибеден Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығында және Тарбағатай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде өтетін болады.

«Аңшылықтану және аң шаруашылығы» мамандығына арналған оқу зерттеулері сипатындағы өндірістік іс-тәжірибе базалары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің «Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» РММ-мен және аталмыш комитеттің «Тарбағатай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ-мен жасалған шарттар негізінде анықталған.

Оқу және кәсіби/өндірістік, дипломалды/дипломдық іс-тәжірибелерден өту кезінде дәрісханалық сабақтар барысында алынған теориялық білімдер қолданылады, практика іс-тәжірибелік дағдыларды меңгеруге мүмкіндік береді.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo