Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ студенттері Өскеменде өткен «роботтар шайқасына» қатысты

Өскемен қаласында робототехника бойынша олимпиаданың аймақтық кезеңі өтті. «Қалдықтармен күрес» тақырыбындағы бірінші орын С. Аманжолов атындағы ШҚМУ намысын қорғаған М. Әлімхан мен М.Маратұлына бұйырды.

10 қыркүйек күні облыс орталығындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде робототехника бойынша олимпиаданың аймақтық кезеңі өтті. Олимпиадаға қаламыздың және Семей қ. мектеп оқушылары, сонымен қатар С. Аманжолов атындағы ШҚМУ студенттері қатысты.

Аталған шара халықаралық Word Robot Olumpiad олимпиадасының ережелері бойынша ұйымдастырылды. 

Қазылар алқасы сайыс аяқталысымен жеңімпаздарды анықтап, барлық қатысушыларды марапаттады.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo