20 желтоқсанда «Экология» мамандығының 2 курс студенттері Вера Карикова және Мадина Нұртазинова Өскемен қаласындағы №24 орта мектептің 7 «Г» сыныбында «Қазіргі заманғы экологиялық мәселелер» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Ашық сабақ орта мектептің мұғалімі А.И. Иванованың ағылшын тілі сабағының шеңберінде өткізілді.
Сабақ барысында студенттер біздің ғаламшардың қазіргі экологиялық мәселелері туралы баяндап, қоршаған ортаға қатысты мәселелердің мәнін және зардаптарын анықтады, қоршаған ортаның ластануы туралы бейнеролик көрсетті, оқушылардың экологиялық мәселелер туралы сұрақтарына жауап берді.
Экология және география кафедрасы