- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Менің есімім Нурлан Ербол, мен С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Шет тіті: екі шет тілі» мамандығының 3 курс студентімін.
Қазіргі уақытта академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Польшада Вроцлав университетінде оқимын. ШҚМУ-нен 6 адам осындамыз. Халықаралық ынтымақтастық бөліміне үлкен алғысымызды білдіргіміз келеді.
Бізде барлығы өте жақсы, сондықтан осының барлығы халықаралық ынтымақтастық бөлімінің еңбегі деп санаймыз. Бейімделуімізге көптеген уақыт өткеніменен үйреніп қалдық.
Сіздердің және сіздердің келісулеріңіздің арқасында жатақханадағы жағдайымыз толықтай қанағаттандырады. Арамыздағы кейбір студенттерге басқада қалаларға және елдерге бару сәті түсті. Үлкен мәселелер болған емес, өзімізді өте сенімді сезінеміз, себебі Сіздер әрқашан бізді қолдайтындарыңызды білеміз.
Қыздардың ішінде жалғыз жігіт болғандықтан, өзімді қыздардың қауіпсіздігі үшін жауаптымын деп санаймын. Оларда да барлығы жақсы. Міне осылай өзіміз жайында айтқым келіп еді.
Нурлан Ербол "Серпін" бағдарламасы бойынша 3 курс студенті