- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Жыл сайын ҚР БҒМ ұйымдастырылатын жаратылыстану-техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық ғылымдар бойынша студенттердің ең үздік ғылыми жұмысына арналған Республикалық байқауда «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2 курс студенті Толымханова Гафура 2-орынды иеленді.
Жоба атауы – «Алтай-Ертістің Өскемен өңірінің әдеби картасы», ғылыми жетекшісі – филол., ғ.д., қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының профессоры А.М. Картаева.
«Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының 3 курс студенті Рашит Назым 3-орынды иеленді. Жоба атауы – «Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқару үлгісінің қалыптасуы», ғылыми жетекшісі – экон.ғ.к., экономика және басқару кафедрасының доценті Ж.Б.Кинашева.
«Химия» мамандығы бойынша өткен ІХ республикалық пәндік олимпиадада Кабиева Айгерим, Қадырова Айдана және Сагдоллина Назерке топтық есепте 3-орынға қол жеткізді, жеке есепте Сагдоллина Назерке 2-орынға табан тіреді. Топ жетекшісі – пед.ғ.к., химия кафедрасының аға оқытушысы Б.С.Тантыбаева.
Барлық студенттер ҚР Білім және ғылым министрі Е.К.Сағадиевтің дипломымен марапатталды.
Жеңіспен құттықтай отырып, жаңа шыңдарды бағындыруларын тілейміз!
Студенттер мен жас ғалымдардың
ғылыми зерттеулерін дамыту орталығы