Шет тілдері және аударма ісі кафедрасы «Менің мамандығым – мұғалім» іс-шарасын ұйымдастырды.
«Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының студенттері қытай, ағылшын, түрік, неміс тілдері бойынша сабақ үзінділерін көрсетіп, кәсіби шеберлік дағдыларын танытты.
Профессор, п.ғ.ғ. И. Ларионова семинарды қорытындылап, студенттердің меңгерген дағдыларына жоғары баға берді.
Баспасөз қызметі