Тұңғыш Президент күніне орай Экология және география кафедрасы география мамандығының 3 курс студенттері «Ұлы халық – Ұлы көшбасшы» ашық кураторлық сағатын өткізді.
Жыл сайын 1 желтоқсанда Қазақстан халқы айырықша мейрамды атап өтеді. Ел Тұңғыш Президент күнін тойлайды. Қазақстанның бірінші Президенті Нұрсұлтан Назарбаев – жаңа тәуелсіз мемлекеттің іргесін қалаушы, оның бірлігін қамтамасыз етуші, Конституцияның, адам мен азамат құқығы мен бостандығының қорғаушысы.
Бірінші Президенттің жетістігі – халқының шынайы құрметі мен сенімділігі.
Іс-шараның мақсаты студенттердің Президент Назарбаев жайлы білімдерін тереңдету, азаматтық жауаптылық сезімдерін қалыптастыру болды.
Осындай түрдегі мерекелік шаралар университет көлемінде ауқымды аталып өтілуде.