ШҚМУ-дың соңғы курс студенттері облыстық ішкі саясат басқармасының Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған Зайсан және Жарма аудандары бос жұмыс орындарының жәрменкесіне қатысты.
Ашық эфир аясында аудандық жұмыспен қамту орталығының өкілдері бос жұмыс орындары, жастар іс-тәжірибесі, Еңбек.кз порталы туралы ақпарат берді. Сонымен қатар, студенттер сұрақтарына жауап берді.
Онлайн бос жұмыс орындар жәрмеңкелеріне қатысам деген студенттерге Жастар ресурстық орталығының Инстаграмдағы парақшасына жазылып, кестеге сәйкес жұмыс берушілермен ашық эфирге қосылу қажет.
Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы