Заңтану мамандығының студенттері «Сименс» компаниясы (Алматы қаласы), заң ғылымдарының кандидаты, халықаралық құқық саласындағы сарапшы Ольга Николаевна Сафоновамен кездесті.
Ольга Сафонова университетіміздің түлегі болып тьабылады.
Оның айтуынша, корпоративтік заңгерге компанияның сан алуан қызметтерін заңдық тұрғыда қамтумен айналысуға тура келеді.
Студенттер әңгімеде корпоративтік заңгер келісімдерді сауатты әзірлеуі, келіссөздер жүргізуі, заңды тұлғалар туралы заңнаманы білуі, іскерлік хабарлама жазу дағдыларын меңгеруі тиіс екенін және тағы басқаларды білді.
Дәстүрлі заңгерлерге қарағанда корпоративті заңгер компанияның даму келешегін ескереді және мәселенің тарихын жетік біледі.
Баспасөз қызметі