Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінде студенттер Шығыс Қазақстан облыстық дін мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру тобының маманы С. Сабалановамен кездесті.
Кездесуді ШҚМУ-дың №4 студенттер үйінде Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті деканының тәрбие ici бойынша орынбасары С. Құмарбекұлы ұйымдастырды.
Басқосуда студенттерге арнайы фильмдер көрсетіліп, діни экстремизмнің алдын алу бойынша бірыңғай әдістемелік құралдар таратылды. Студенттер өздерінің көкейтесті сұрақтарына жауап алды.
Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті