С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-де психология, клиникалық психология және дефектология бойынша оқу-тәжірибесі қорытындыланды. Іс-шара онлайн форматта өтті.
Психология және түзету педагогикасы мен «Зияткер» ҒБО диалог алаңына Ресей (Санкт-Петербург, Сочи), Түркия (Измир) елдерінің, сонымен қатар республика бойынша сала мамандарын шақырды.
Алғаш рет студенттер өздерін қызықтырған сауалдарын «жабық ұйым» мамандарына қоюға мүмкіндік алды. Сондай-ақ, олар Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы, «University medical Center» қоры, ШҚО Онкология және хирургия орталығы, Жаңа-Бұқтырма №2 орта мектебі, ШҚО Денсаулық сақтау басқармасына қарасты Психологиялық денсаулық орталығы, «Үлбі» әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсету бөлімі, ШҚО бойынша Солжағалау пробация қызметі, «Асыл Мирас» аутизм орталығы, «Ақ ниет» мектеп орталығы және де басқа орталықтар мен ұйымдардың жұмысы туралы ақпарат алды.
Сондай-ақ, олар виртуалды экскурсия мен мамандар қатысқан ашық диалогтан бөлек, арнайы кәсіби сайттар, онлайн-конференцияларға қатысу мүмкіндігіне ие болды. Кафедраның әр жылдардағы түлектерімен кездесіп, кәсіби тақырыптағы фильмдермен танысты. Ең қызықты мәлімдемелерді студенттердің іс-тәжірибесінің есебінен «CliDePsy – мамыр» (www.instagram.com/clidepsy) онлайн алаңынан көруге болады (кейбіреулері сайтта жарияланды).
Баспасөз қызметі