Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің әдістемелік онкүндігі аясында математика кафедрасы «Сырға толы математика» интеллектуалды ойынын өткізді.
Сайысқа Экономика және құқық, Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеттерінің 1-3 курс студенттері қатысты. Сайыс тартысты әрі қызықты өтті.
Қорытынды бойынша 1-орынды «Физика», 2-орынды «Математика», «Математика-Физика», 3-орынды «Экономика», «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтарының студенттері иеленді.
Сайысқа белсенді қатысқан студенттерге ризашылық білдіреміз!
Математика кафедрасы