Соңғы екі жылдағы аралық аттестациялар қорытындыларының салыстырмалы талдауы ағымдағы оқу жылында бакалавриаттағы жалпы үлгерім көрсеткіші (82,8%) өткен жылға қарағанда 1,4 пайызға жоғары екенін көрсетті (2017-2018 оқу жылында – 81,4%).
Алайда, оқыту сапасын толыққанды бағалау үшін С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Ғылыми кеңесінде келер оқу жылынан бастап сындарлы бағалау әдістерін қолдана отырып, жазбаша емтихандар санын көбейту ұсынылды.
Осы жылы кафедраларда алғаш рет емтихан жауаптарын шифрлеу енгізілді.
Магистранттардың үлгерімі мен білім сапасына келер болсақ, емтихандық сессия қорытындылары бойынша ол тиісінше 100 және 93,3%-ды құрады. Өткен оқу жылымен салыстырғанда үлгерім көрсеткіші 3,1%-ға, ал білім сапасы 4,2%-ға артты.
Баспасөз қызметі