- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ телестудиясында «Алтай жастары» ток-шоуының үшініші шығарылымы түсірілді, ток-шоу – облыстық «Алтай» арнасының, қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының, «Altai jastary» медиаорталығының бірлескен жобасы.
Ток-шоу «Қазір кітап оқымайтын ұрпақ өсіп келе жатыр ма?» тақырыбында болады. Бағдарламаны журналист-студенттер Нұрболат Советханов пен Ләззат Қанатқызы жүргізді.
Ток-шоуға ф.ғ.к, доценті Б. Бияров, А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапхананың өлкетану бөлімі қызметкері Г. Әбілғазинова, «Шамшырақ» шығармашыл жастар ұйымының мүшесі А. Шанжың, ШҚМУ журналистика мамандығының 4 курс студенті Ә. Әуезханов, педагогика және психология мамндығының 3 курс студенті Д. Жұмабек қатысты.
Бағдарламаны бүгін «Алтай» арнасынан сағат 18.50-де көре аласыздар.
Ток-шоудың толық нұсқасын «Алтай» арнасына шыққаннан кейін, сондай-ақ ШҚМУ сайтының әлеуметтік желілердегі сілтемелері арқылы көруге болады.
Баспасөз қызметі