ҚР Парламентінің Сенаты Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьясы Рахметуллина Назгүл Маульханқызын Жоғарғы Соттың судьясы етіп сайлады.
Бұл туралы ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Назгүл Рахметуллина - өз ісінің адал және принципті маманы.
1978 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 2000 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітіргеннен кейін: 2000-2004 ж. ж. – Шығыс Қазақстан облыстық сотының маманы, 2004-2015 ж. ж. - Өскемен қ. № 2 сотының судьясы болып жұмыс істеген, 2015 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьясы.
Баспасөз қызметі