Бүгін облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы И. Смит «Шығыс Ақпарат» медиахолдингінің ұжымына жаңа басқарма төрағасын таныстырды. Ол – Нұрбек Мұхаметқалиұлы Бекенов.
Бекенов Нұрбек 1982 жылдың 21 қазанында Тарбағатай ауданында дүниеге келген. Үйленген, бір баласы бар.
1999 жылы Өскемендегі Қ. Сәтпаев атындағы орта мектепті бітірген. 2005 жылы Қазақ-Американ еркін университет аяқтайды.
Сол жылы С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-ға «Мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару» мамандығы бойынша оқуға түседі. 2007 жылы оқу орнын үздік тәмамдап, менеджер біліктілігін алды.
– Еңбек жолын 2003 жылы бастады. 2005 жылға дейін облыстық телерадиокомпанияда жаңалықтар дикторы болды. 2007 жылы елордадағы «Қазақстан» телерадиокомпаниясына спорт тілшісі ретінде ауысты. 2008 жылы аталмыш компанияның Бейжіңдегі тілшісі болды. 2009-2012 жылдары «7 арна» телеарнасында тілші, жүргізуші, шеф-редактор болып еңбек етті. 2012 жылдан 2013 жылға дейін облыс әкімінің баспасөз қызметіне жетекшілік етті. Соңғы жұмыс орны – «Хабар» арнасының Қытайдағы меншікті тілшісі, – деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы.
Баспасөз қызметі