Наурыздың 19-ы мен сәуірдің 19-ы аралығында Жастар жылы аясында қалалық білім бөлімі мен «Алтай» телеарнасы «Жас педагог-2019» байқауын өткізді.
Конкурсқа қаланың 42 мектебі қатысты. Оның ішінде ШҚМУ-дың дене шынықтыру мамандығы бойынша түлегі, №17 мектептің мұғалімі Р. Исраилов та болды.
Конкурс үш кезеңнен тұрды – мұғалімнің кәсіби тәжірибесі туралы мәлімет беру, тікелей эфирде өзін-өзі таныстыру, ұстаз қызметі туралы «Алтай» арнасы түсірген қысқа бейнеролик.
Арна сайтында әр мұғалімге онлайн дауыс беру өтіп, нәтижесі 25 сәуірде телестудияда жарияланды.
Сонымен, 1 орынды №20, 2 орынды №3, ал 1 орынды №17 мектептер иеленді.
Баспасөз қызметі