С. Аманжолов атындағы ШҚМУ түлегі, магистрі Айгүл Бөкейханова «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік мектебінде оқып, дизайнер атанды, өз ісін ашты.
Ол киім тігу курсын ашып отыр. Жоспарында онлайн-курс ұйымдастыру бар. Ал келешекте өзінің киімдер желісін құрып, ірі көрсетілімдерге қатыспақ. Ол қазірдің өзінде Kazakhstan Fashion Week қазақстандық сән апталығына қатысуға шақырту алған.
«Айгүл Бөкейханова – өзінің өмірлік жолын бала кезінен анықтаған жан. Ол әрдайым киім тігуді ұнататын. Бірақ, мектептен соң ол ШҚМУ-дың қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына оқуға түседі. Кейін магистр атанып, тіпті біраз уақыт мектепте сабақ та берген. Десек те, бала арманы оны басқа жаққа жетеледі. Бүгінде шебер киім тігуге мықтап кіріскен...»
https://rudnyi-altai.kz/уникальные-наряды-от-айгуль/?fbclid=IwAR1WHF8RGLWyxhdyGUUJ1aoTn3cDurHP1fK-dBzbW6LmcPpzAPNg1jOWYP8
Гүлжан Естаева
Дереккөз: облыстық «Рудный Алтай» газеті
(«Уникальные наряды от Айгуль»).