Ұжымдық қолданыстағы ұлттық ғылыми зертхана қызметкерлері Бауыржан Қорабайұлы Рахәділов пен Жанерке Амангелдіқызы Оспанова ТМД елдері жас ғалымдарының тағылымдамасы бойынша іріктеу кезеңінен өтті.
Тағылымдама 10 наурыз бен 9 сәуір аралығында ТМД-ға қатысушы мемлекеттер гуманитарлық ынтымақтастығы мемлекетаралық қорының және Дубна қаласындағы (РФ) Біріккен ядролық зерттеулер институтының қолдауымен ТМД Халықаралық инновациялық нанотехнологиялар орталығында өтеді.
Қатысу ұйымдастырушылар бюджеті есебінен қаржыландырылады.
Әріптестерімізді құттықтап, тағылымдама кезеңінде бірлескен әзірлемелерді, ғылыми және инновациялық жобаларды табысты іске асыруларын тілейміз.
Баспасөз қызметі