Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ волонтерлары республикалық мобильдік медиа мектеп жұмысына қатысты

ШҚМУ волонтерлары Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі қолдауымен БҰҰ Тұрақты даму мақсаттары, Жаһандын медиа және ақпараттық сауаттылық апталығы аясында Бүкіләлемдік Туризм күні, бүкіләлемдік даму туралы Ақпарат күні, БҰҰ күні, Халықаралық ақпаратқа қолжетімдік күні, Бүкіләлемдік аудиовизуалды мұралар күніне арналған «Қазақстандық Алтайдың экожүйесін сақтау – тұрғындардың ақпараттық әлеуетін арттыру» атты республикалық мобильдік медиа мектеп жұмысына қатысты.

Семинар форматы бойынша дәрістер аясында кейстердің шешімдерін табу жолды қарастырылды, жеке және топтық тәжірибелік сабақтар өткізілді, таныстырылым, пікірталас, жоба талдау, кәсіби кеңестер қамтылды. Іс-шараның медиа-дәріскері Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Гүлмира Сұлтанбаева болды. Сонымен қатар, ҚР БҰҰ Қоғамдық ақпарат департаментінің өкілі властимил Самек мырзаның құттықтау сөзі тыңдалды.

Тренинг қорытындысы бойынша қатысушыларға Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ факультеті «Журналист» БАҚ мамандарының біліктілігін арттыру және аккредитациялау орталығының «Журналистика» мамандығы бойынша дәріс тыңдағандығы туралы сертификаттар табыс етілді.

Идеялық-тәрбие жұмысы жөніндегі маман Аманжолова Н.

Қазақ
× You found a Typo