С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да «Құқықтану» білім беру бағдарламасына жаңа оқу пәндері енгізілді, олар – «Қылмыстық процестегі процессуалдық құжаттар және ақпараттық технологиялар», «Сотттағы заңдық риторика және сендіру өнері» және «Заңдық конфликтология».
Жаңа пәндер жұмыс берушілердің, яғни сот және құқық қорғау органдарының талап-тілегіне орай енгізіліп отыр.
– Әрбір пән заман талабына сай енгізілуде. Жаңа буындағы заңгерлерді дайындауда аталмыш пәндер аса қажет, – дейді кафедра меңгерушісі Гүлмира Байыркенова.
Оқытуды ТМД-ға танымал кәсіби медиаторлар Аксана Каленова мен Марианна Дячук және өзге де тәжірибелі оқытушылар жүргізетін болады.
Баспасөз қызметі